Пайдалану шарттары

Ережелер мен шарттар

 

Осы сайтқа кіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Осы құжаттағы ережелер мен шарттармен мұқият танысып шығуыңызды өтінеміз, себебі осы веб-сайтты қандай да бір пайдалану Сіздің осы құжатта мазмұндалған ережелер мен шарттармен келісетіндігіңізді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қажеттілігін білдіреді.


Старбакс (Starbucks) және Нестле (Nestlé) 2018 жылдың тамыз айында ғаламдық кофе одағын құрған болатын, соған сәйкес Nestlé дүние жүзі бойынша Starbucks кофе және шай өнімдерін – қаптамадағы тұтынушылық тауарлар мен көпшілік тамақтануға арналған өнімдерді сату бойынша мерзімсіз құқықтарға ие.

Осы сайттағы «біз», «бізді», «біздің» терминдері мен өндірістік тіркестер, «Nestlé» / «Нестле» және «NestléGroup» / «Нестле Компаниялар тобы» Nestlé S.A., SociétédesProduitsNestléS.A. мен  «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС-не қатысты болады.

«Сіз» деген сөз осы веб-сайтқа қолжетімділік алатын және/немесе оны пайдаланатын кез келген тұлғаға қатысты қолданылады.

 

Веб-сайттың құпиялылық саясаты

 

Нестле Компаниялар тобының веб-сайттарына жіберілетін кез келген жеке ақпарат немесе материалдарға қатысты Нестле Компаниялар тобының құпиялылық және осы веб-парақшада орналастырылған «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС-нің дербес деректерді өңдеуге қатысты  саясатында мазмұндалған дербес деректерді қорғау саясаты қолданылады.

 

Ақпараттың шынайылығы, толықтығы және мерзімділігі

 

Біздің осы веб-сайттағы ақпараттың шынайылығы мен толықтығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолға алып жатқандығымызға қарамастан, біз өзіміздің осы веб-сайтта ұсынатын ақпаратымыз шынайы немесе толық болмайтын жағдайда, жауапкершілік алмаймыз. Осы сайттың материалдарын қандай да бір жолмен пайдалану бойынша толық жауапкершілік Сізге жүктеледі. Сіз осы веб-сайтта орналастырылған материалдар мен ақпараттағы кез келген өзгертулерді қадағалап отыру үшін жауапкершілік алатындығыңызбен келісесіз.

 

Жіберу

 

Сіз осы веб-сайтқа электронды пошта арқылы немесе басқа да жолмен жіберетін жеке басылық емес кез келген хабарлар не болмаса материалдар, соның ішінде кез келген деректер, сұрақтар, пікірлер, ұсыныстар және сол тәрізді материалдар құпия емес және жеке меншіктік емес ақпарат ретінде қарастырылатын болады. Сіз жіберетін немесе жариялайтын барлық ақпарат Нестле Компаниялар тобының меншігіне айналады және ойнату, ашу, жіберу, жариялау, тарату мен орналастыруды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, кез келген мақсаттарда қолданылады. Сондай-ақ, Нестле Компаниялар тобы кез келген мақсаттар (әзірлеу, өндіру, жарнама жасау және өнімді өткізуді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей) үшін сіз осы веб-сайтқа жіберетін қандай да бір хабарламадағы кез келген көркем сурет, өнертабыс, әзірлемелер, ұсыныстар немесе концепцияларды еркін пайдалана алады.

Ақпаратты осы тәрізді кез келген пайдалану ақпарат ұсынатын тарапқа сыйақы төлеусіз жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, ақпарат ұсына отырып, сіз ұсынылкан материалдың/контенттің құқық иесі екендігіңізге, оның белгілі біреудің беделін түсірмейтіндігіне және оны Нестле Компаниялар тобының қолдануы үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтындығына немесе бізді басқа да жолмен қолданылатын заңнаманы бұзуымызға әкеп соқтырмайтындығына кепілдік бересіз. Нестле Компаниялар тобы ұсынылған ақпаратты пайдалануға міндетті емес.

 

Зияткерлік меншікке қатысты құқық

 

NESPRESSO мен NESCAFÉDolceGusto өнімдері SociétédesProduitsNestléS.A.-ның тіркеуден өткен тауар белгілері болып табылады.
Starbucks пен Starbucks логотипі Nestlé оларды лицензия бойынша қолданатын StarbucksCorporation тауар белгілері болып саналады.
PikePlace - ThePikePlaceMarketPDA-ның лицензия  негізінде қолданылатын тауар белгісі болып саналады. 
Барлық құқықтар қорғалған.

Барлық авторлық құқықтар және зияткерлік меншік, барлық мәтіндер, суреттер мен осы сайттағы өзге де материалдарға қатысты басқа да құқықтар Нестле Компаниялар тобының және/немесе StarbucksCorporation–ның меншігі болып табылады және тиісті иесінің келісімі негізінде енгізілген.

Сізге осы веб-сайтты қарауға, басып шығару, қатты дискіге жүктеу арқылы немесе басқа жеке тұлғаларға тарату мақсатында үзінділерді тыңдауға рұқсат беріледі. Мұны сіз авторлық құқықтары және басқа да меншік құқықтары туралы барлық хабарламаларды сақтайтын және осылай тыңдау кезінде тауар белгілерінің құқық иелері туралы жоғарыда көрсетілген хабарлама көрсетілетін жағдайда ғана жасауға болады. Осы веб-сайттағы ақпараттың қандай да бір бөлігін коммерциялық мақсатта сатуға немесе таратуға болмайды, сонымен бірге оны өзгертуге немесе кез келген басқа жұмыстар, басылымдар немесе веб-сайттарға енгізуге тыйым салынады. 

Осы веб-сайтта көрсетілген тауар белгілері, логотиптері, символдар мен қызмет көрсету белгілері (бірге «Тауар белгілері» деп аталады) Starbucks не болмаса Nestlé-ге тиесілі немесе оны лицензия бойынша Нестле Компаниялар тобына кіретін SociétédesProduitsNestlé S.A.  қолданады. Осы веб-сайттағы ешбір нәрсе осы веб-сайтта орналастырылған кез келген Тауар белгісін ұсыну ретінде түсіндірілмеуі керек.

Осы Ережелер мен шарттарда қарастырылған жағдайларды қоспағанда, осы веб-сайтта орналастырылған Тауар белгілерін немесе осы веб-сайттағы кез келген басқа контентті пайдалануға/дұрыс емес пайдалануға қатаң түрде тыйым салынады. Нестле Компаниялар тобы немесе Starbucks-тың өздерінің зияткерлік меншікке қатысты құқықтарын мұқият түрде қадағалап отыратындығын және олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкес толық көлемде сақталуын қамтамасыз ету үшін бар күшін салатындығын хабарлаймыз.

 

Басқа веб-сайттарға сілтемелер

 

Веб-сайттағы сілтемелер сізді Нестле Компаниялар тобының желісі мен ресурстарының шегінен шығарып жіберуі мүмкін және Нестле Компаниялар тобы осындай басқа веб-сайттардың мазмұны, дұрыстығы немесе функциясы үшін жауапкершілік алмайды. Сілтемелер адал ниетпен ұсынылады және Нестле Компаниялар тобы сіз оларға сілтеме жасайтын басқа веб-сайттарда алдағы уақытта болатын кез келген өзгерістер үшін жауапкершілік ала алмайды. Басқа веб-сайттарға кез келген сілтеме енгізу Нестле Компаниялар тобы тарапынан мақұлдау дегенді білдірмейді. Біз Сізге Сіз кіретін барлық басқа веб-сайттардың құқықтық хабарламалары мен құпиялылық туралы хабарламаларымен дұрыстап танысып шығуды ұсынамыз.

 

Кепілдіктер және жауапкершіліктен бас тарту

 

Сіз осы веб-сайтты пайдалану бойынша толық жауапкершілік аласыз.

 

Кепілдіктер

 

Бұл веб-сайт сізге «сол күйінде» және «қолжетімді түрінде» жағдайларында ұсынылады және тиісінше, Нестле Компаниялар тобы осы веб-сайттағы материалдардың толық, шынайы, сенімді, дер кезіндегі, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбайтын материалдар екендігі туралы кепілдіктер немесе мәлімдемелерді қоса алғанда, ешқандай айқын, көздейтін, міндетті немесе өзге де (тауардың жарамдылығы немесе сапаға қанағаттанушылықты көздейтін кепілдіктерді және нақты мақсат үшін жарамдылықты қоса алғанда) кепілдіктер бермейді. Біз осы веб-сайттың үнемі қолжетімді болатындығына, оның қызметінде қателіктердің болмайтындығына, вирустан қорғалатындығына, қауіпсіздігіне кепілдік бермейміз. Біз осы веб-сайттан алынған ақпараттың немесе кеңестердің нақты әрі сенімді екендігіне кепілдік бермейміз.

Біз алдын ала хабарлама жасамай, осы веб-сайтқа немесе осы веб-сайттың кез келген функциясына немесе оның кез келген бөлігіне кез келген уақытта Сіздің қолжетімділігіңізді шектеу, кідірте тұру немесе тоқтату құқығына ие боламыз. Нестле Компаниялар тобы осы веб-сайтқа немесе оның кез келген бөліміне қолжетімділікті шектеу, кідірте тұру немесе жабумен байланысты Сіздің алдыңызда ешқандай жауапкершілік алмайды.

 

Жауапкершілік


Нестле Компаниялар тобы және/немесе біздің атымыздан осы веб-сайтты құруға және тапсыруға қатысатын кез келген басқа тарап Сіздің осы веб-сайтты немесе Сіз оған осы веб-сайттағы сілтеме арқылы жүгінетін қандай да бір басқа веб-сайттың ішіндегі ақпаратқа қолжетімділік алуыңыз, пайдалануыңыз, пайдалану, өзгерту мүмкіндігіңіздің болмауы нәтижесінде немесе қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілетін шектерде, біздің Сіз бізге электронды пошта арқылы жіберетін кез келген хабарларға қарай қолға алатын немесе қолға алмайтын қандай да бір іс-әрекетіміздің нәтижесінде туындауы мүмкін кез келген тура, кездейсоқ, жанама, арнайы немесе айыппұлдық шығындар, залалдар немесе міндеттемелер үшін ешқандай жауапкершілік алмайды және міндеттер арқаламайды.

Нестле Компаниялар тобы және/немесе біздің атымыздан осы веб-сайтты құруға және тапсыруға қатысатын кез келген басқа тарап осы веб-сайтта қолжетімді болатын материалдар мен қызметтерді ұстап тұру немесе олармен байланысты қандай да бір түзетулер, жаңартулар немесе релиздер жасау бойынша жауапты болмайды. Осы веб-сайттағы кез келген материал алдын ала хабарлаусыз өзгертілуі мүмкін.

Сонымен бірге, Нестле Компаниялар тобы Сіздің осы веб-сайтты пайдалануыңыз немесе веб-сайттан қандай да бір материалдар жүктеуіңіздің нәтижесінде компьютерлік жабдығыңызды немесе басқа мүлкіңізді зақымдауы мүмкін вирустардың салдарынан болған залалдар үшін ешқандай жауапкершілік алмайды.   Сіз осы сайттан материалдар жүктеп алу туралы шешім қабылдасаңыз, Сіз бұл үшін толық жауапкершілік аласыз.

Қолданылатын заңнама рұқсат ететін барынша жоғары деңгейде сіз өзіңіздің осы веб-сайтты пайдалануыңыз немесе оған қолжетімділік алуыңыздың нәтижесінде туындауы мүмкін Нестле Компаниялар тобы, оның лауазымды тұлғалары, директорлары, қызметкерлері, жеткізушілері мен бағдарламашы мамандарына қатысты қандай да бір шағым білдіруден тікелей бас тартасыз.

 

Тыйым салынған қызмет

 

Сізге төмендегілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, Нестле Компаниялар тобы өзінің қалауына қарай орынсыз және/немесе заңға қайшы немесе осы веб-сайтқа қатысты кез келген заңнамамен тыйым салынған деп есептелетін қандай да бір іс-әрекеттерді жасауға тыйым салынады:
Құпиялылықты (тиісті тұлғаның келісімінсіз жеке ақпаратты жүктеуді қоса алғанда) немесе жеке тұлғалардың кез келген өзге де заңды құқықтарын бұзу болып саналатын кез келген іс-әрекет;


Осы веб-сайтты Нестле Компаниялар тобын, оның қызметкерлерін немесе кез келген үшінші тұлғаларды қорлау немесе оларға жала жабу үшін қолдану немесе Нестле Компаниялар тобының беделін түсіретін әрекеттер;
Нестле Компаниялар тобының мүлкіне немесе басқа тұлғалардың меншігіне зиян келтіруі мүмкін вирустардан тұратын файлдарды жүктеу;
сондай-ақ өзгелерден бөлек, біздің пікірімізше, Нестле Компаниялар тобының немесе үшінші тұлғаның наразылығын туындататын, оған зиян келтіретін немесе оның жүйелік немесе желілік қауіпсіздігін бұзуы мүмкін материалдарды қоса алғанда, осы веб-сайтқа кез келген рұқсатсыз материалдарды орналастыру немесе жіберу;
қорлайтын, нәсілшілдік сипаттағы, әдепсіз, қауіпті, порнографиялық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер.

 

Қолданылатын құқық

 

Осы веб-сайтты пайдалану жөніндегі осы шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

Сіз және Нестле Компаниялар тобы осы веб-сайтты пайдалануға қатысты туындайтын немесе онымен байланысты кез келген наразылықтар немесе шағымдардың Қазақстан Республикасы заңнамасымен реттелетіндігін және Қазақстан Республикасы соттарының айрықша юрисдикциясына тиісті екендігімен келісесіз.

 

Cookies файлдары

 

Nestle қадағалау технологиясын («cookies») қолданады. Нестле Компаниялар тобының cookies файлдарын пайдалануға қатысты саясаты осы веб-парақшада орналастырылған «Нестле Фуд Қазақстан» ЖШС-нің дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатында мазмұндалған.

 

Құқықтық хабарламаны жаңарту

 

Біз осы веб-сайтты пайдалану шарттарына кез келген өзгертулер мен түзетулер енгізуге құқылы боламыз. Өтінеміз, осы және жаңа қосымша ақпаратпен танысу үшін осы парақшаға кіріп тұрыңыз.